«1500-ден астам бала анасыз қалды»: Депутат Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынды

Қаңтар 29, 2025 - 15:00
Қаңтар 29, 2025 - 15:05
«1500-ден астам бала анасыз қалды»: Депутат Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынды

«Ауыл» партиясының депутаты Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Рақымшылық қылмыстардың зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ және қоғамға қауіп төндірмейтін жағдайларда қолданылатын болады.

Депутат бұл отбасылық құндылықтарды нығайтып, әйелдердің дұрыс жолға түсуіне септігін тигізетінін айтты.

«Бүгінде елімізде 2336 әйел бас бостандығынан айырылған. Олардың жартысы аналар болса, 250-і көп балалы аналар. 1500-ден астам бала анасыз қалды, жүзге жуық сәби балалар үйіне берілді», — деп түсіндірді Қарақат Әбден.

Фракция бірінші рет сотталғандарды, 60 жастан асқан әйелдерді, жүкті әйелдерді, көп балалы немесе кішкентай балалы аналарды жазаны қысқарту немесе түрмеден босатуды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow