1600 теңге: министрлік киік етінің бағасын бекітті

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етінің келісін 1600 теңгеден сатуды ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бұған дейін министр Айдарбек Сапаров киік етін қанша кәсіпорны өндіріп шығаратынын айтқан болатын.
«Бұл жұмыс енді ғана басталды, мұнымен Экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарымен қамтамасыз ету. Бүгінде осындай 18 кәсіпорын тіркелген, ол жерде ветеринарлар жұмыс істейді. Етті қандай бағамен қабылдайды, қалай сатады, логистика жағы – осының бәрін есептеу керек. Бір апта немесе 10 күннен кейін бір келі еттің бағасын айтамыз деп ойлаймын», - деп жауап берді Сапаров Үкіметте өткен брифингте.
Жуырда Батыс Қазақстан облысында киік аулау ресми түрде басталған. Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






