Кей өңірлерде қалың қар жауып, 22 градусқа дейін аяз болады: синоптиктер ескерту жасады

"Қазгидромет" мамандары елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Бүгін түнде солтүстік өңірлерде 20-22 градус қатты аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде қалың қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, шығысында, орталығында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Астанада кей уақыттарда тұман.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, түнде облыстың шығысында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте күннің соңында жаңбыр жауады, түнде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Сіздің реакцияңыз қандай?






