35 градус аяз келе жатыр: синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндердегі ауа райы туралы хабарлады. Мамандардың айтуынша, 2025 жылдың 18 қаңтары мен 23 қаңтары аралығында елімізде ауа температурасы күрт төмендейді.
Метеорологтар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын Атлант циклоны анықтайтынын баса айтты.
18 қаңтардан бастап батыста және оңтүстікте қар жауады, бұрқасын болады. Қазірдің өзінде 20 және 21 қаңтарда елдің солтүстігінде басталған қолайсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Бір қызығы, Түркістан облысында 18 қаңтарда түнде қатты жауын-шашын болады.
Одан әрі қар жауады деп болжанған аймақтар:
• 20 қаңтарда Ұлытау облысында,
• 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында,
• 21-22 қаңтарда Ақмола облысында,
• 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында,
• 22-23 қаңтар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарында.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы басқа жаққа да тарап, түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейтін аумақтар:
• батыста – 10-20° дейін;
• солтүстік-батыста және солтүстікте – -20-30° дейін;
• орталықта және шығыста – -25-35° дейін;
• елдің оңтүстігінде – 12-25° дейін.
«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі ел тұрғындарын қатты аязға және күрт суытқан ауа райында сақ болуға және дайын болуға шақырды.
17 қаңтарда Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың желтоқсан айы Қазақстанда өте жылы болғанын айтқан болатын. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?