4 адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Наурыз 26, 2025 - 08:45
 0  50
4 адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Кеше, 23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды.

NUR.KZ тілшісіне өңірлік ПД пікір білдірді.

«23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында «ВАЗ» және YUTONG автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған.

Сондай-ақ аталған көлікте отырған тағы 2 кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығады», — деп мәлім етті Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0