«4 минуттық жазба өшірілген»: қара жәшікте не бары белгілі болды
Қара жәшіктерге жүргізген талдауы құрылғылардағы жазу апатқа дейін шамамен 4 минут бұрын тоқтап қалғанын көрсеткен.
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшырап, 179 адамның өмірін қиған ұшақтың қара жәшіктерінде қайғылы жайтқа дейінгі соңғы төрт минуттың жазбасы жоқ болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеушілер Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағының қара жәшіктеріндегі мәліметтерді жариялады. Алайда, ұшақтың құлауына дейінгі соңғы төрт минутқа қатысты жазбалардың болмауы тергеуді қиындатып отыр.
Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесінің B737-800 ұшағындағы қара жәшіктерге жүргізген талдауы құрылғылардағы жазу апатқа дейін шамамен 4 минут бұрын тоқтап қалғанын көрсеткен. Бірақ қара жәшіктердегі деректер жалғыз ақпарат көзі емес екені айтылып отыр.
«АҚШ-та жүргізілген талдау нәтижесінде қара жәшіктердегі деректердің ұшақ апатынан шамамен төрт минут бұрын жазылуы тоқтағаны анықталды. Бұл жағдай тергеушілерге апаттың нақты себебін анықтауды қиындатып жатыр”, - деп хабарлайды жерлікті билік өкілдері.
Еске салсақ, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда Jeju Air 7C2216 рейсі апатқа ұшырады. Апат салдарынан 179 адам қаза тапқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?