5:32 сериалының продюсері сотталып кетті
Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады sadaq.kz.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот Анель Сартаеваваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тақан болатын. Кейін 25 адам зардап шеккені айтылды. Апат болған жерде автобусқа соқтығысқан Kia Sportage автокөлігін 28 жастағы Анель Сартаева басқарған.
Ол Salem social media компаниясында «5:32», «Эскорт», «1286» сияқты танымал қазақстандық сериалдарға продюсерлік еткен. Жауапкердің адвокаты Қанат Әлсейітов желідегі парақшасында қамауға алмау туралы жеке шағым түсіргенін, сот оны қанағаттандырғанын мәлімдеді. Сөйтіп Анель Сартаева үйқамаққа жіберілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?