540 млн теңге пара алған: «Қазтеміртранс» АҚ басшысы ұсталды
«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі Алматы филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Дегенмен компания өкілдері БАҚ-та тараған «ірі көлемде пара алу» туралы ақпаратқа шүбә келтіріп отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Базенов күзет қызметін көрсететін жеке фирмадан 540 миллион теңге пара алды деп айыпталуда. Бірақ «Қазтеміртранс» бұл соманың қисынсыз екенін алға тартты.
«Күзет қызметіне бөлінген жалпы бюджет шамамен 200 миллион теңгені құрайды, ал Алматы филиалындағы өндірістік базаларды күзетуге биыл бар болғаны 9 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл — таратылып жатқан пара сомасынан бірнеше есе аз», — деп түсіндірді компания өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0