60 адам қаза тапты: Пәкістанда сауда орталығы отқа оранды
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында орналасқан Gul Plaza сауда орталығындағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл туралы Geo TV телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.
Олардың айтуынша, сәрсенбі күні құтқарушылар үйінділерді аршу кезінде сауда кешеніндегі дүкендердің бірінен 30 адамның мәйітін тапқан.
Ал дүйсенбі күні The Express Tribune басылымы құтқарушыларға сілтеме жасап, өрттен 26 адам қаза тапқанын жазған еді.
Өрт 17 қаңтар күні кешке Карачидің халық тығыз орналасқан ауданындағы сауда кешенінің бірінші қабатында шыққан. Өрт 33 сағаттан кейін ғана толық сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274926-pakistandagy-sauda-ortalygyndagy-ortten-60-adam-qaza-tapty
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0