«Ағай төсімнен ұстады»: күйеуін «педофил» деп айыптаған блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар 16, 2025 - 09:54
Қаңтар 16, 2025 - 10:06
«Ағай төсімнен ұстады»: күйеуін «педофил» деп айыптаған блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Коллаж: Stan.kz

Бұрынғы күйеуін педофил деп айыптаған блогер Құлпынай Калменованың үстіненен арыз түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айта кетейік, блогер Құлпынай Қалменова бұрынғы күйеуі 10-11 жастағы қыздармен хат алмасқанын жариялаған болатын. Бұл әлеуметтік желіде шу тудырды.

Сонымен қатар блогер экс-күйеуі «төсімді ұстады» деген тағы бір кәмелетке толмаған қыздың хатын жария етті.

«Апай, мен бұл қыздардың жан құрбысы болғанмын. Ол топта мен де болдым. Бірақ олар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен ол ағайдан қорқамын. Қорқып мамама да айтқан жоқпын. Не істеймін, апай? Мына ағайды соттатыңызшы. Мен сізге жақтасамын», - делінген хаттың мәтінінде.

Қазіргі таңда Қолғанат Жұмабаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Полицияның айтуынша, арызды ата-аналар түсірген. 

«Аталған факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар белгіленеді. Құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, азамат Қ. (посттар авторына) қатысты аталған полиция бөлімшесіне 4 арыз, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен келіп түскенін хабарлаймыз», - делінген Полиция департаментінің жауабында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow