АИТВ жұқтырған: Павлодар тұрғыны өгей қыздарын зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Атап өтерлігі, ер адам әйелмен және оның қыздарымен 2018 жылдан бері бірге тұрып келген. Қыздардың екеуі де туғаннан ақыл-ой кемістігіне шалдыққан. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодарда 48 жастағы ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері мен зорлау қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тергеу нұсқасына сүйенсек, ер адам 2025 жылғы желтоқсанның ортасында өгей қыздарына зорлық көрсеткен. Әйел бірге тұратын ер адамға 10 және 11 жастағы екі қызын қалдырып кеткен. Ер адам мас күйде болған. Ол ең әуелі кіші өгей қызына, ал бір сағаттан кейін үлкеніне тиісіп, зорлаған.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралып, істің барлық мән-жайы жария етілген жоқ.
Сот ер адамды екі бап бойынша кінәлі деп таныған.
"Қылмыстар жиынтығы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ өмір бойы педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру тағайындалсын. Жаза төтенше қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтелсін", — деген үкімді жария етті Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева.
Атап өтерлігі, ер адам әйелмен және оның қыздарымен 2018 жылдан бері бірге тұрып келген. Қыздардың екеуі де туғаннан ақыл-ой кемістігіне шалдыққан. Үкім заңды күшіне енген жоқ.