Ақмола облысында 10 жастағы бала суға батып кетті

Маусым 3, 2026 - 17:20
 0  9
Ақмола облысында 10 жастағы бала суға батып кетті
Фото: pixabay

Ақмола облысындағы су айданында қайғылы оқиға тіркелді. Өңірдегі каналға 10 жасар бала батып кеткен. Сондай-ақ құтқарушылар тағы бір қайғылы жағдайдың алдын алған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ТЖД-ның мәліметінше, қайғылы оқиға Қосшы қаласында Нұра-Есіл каналында болған.

"Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған", - делінген хабарламада.

Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен 10 жасар баланың денесі табылып, судан шығарылған.

Сондай-ақ құтқарушылар "Д" есебінде тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Бақытымызға орай, ересектердің қарауынсыз қалған бала аман-есен табылды", - делінген хабарламада.

Осы орайда Ақмола облыстық ТЖД тұрғындарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауды, шомылуға тек арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат етілетінін ескертті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0