Ақнәр Гүлістанның ісін ішкі істер министрлігі қайта қарауға алды

Наурыз 5, 2026 - 19:51
 0  18
Ақнәр Гүлістанның ісін ішкі істер министрлігі қайта қарауға алды

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов журналистердің марқұм Ақнәр Гүлістанның ісі неліктен ұзаққа созылғаны туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оның  айтуынша, бастапқыда қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауына берілген.

"Бұл шешімді біз қабылдаған жоқпыз. Ол – бас прокуратураның шешімі. Ал қазір қылмыстық іс қайтадан біздің қарауымызда. Қазір іс бойынша жаңа тергеу тобы құрылып, тергеу қайта басталған. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың барлық уәжі толық тыңдалады", – деп жауап берді Санжар Әділов редакция журналисінің сұрағына.

Айта кетейік, Ақнәрдің өліміне қатысты қылмыстық іс шамамен бір жарым жылдан бері тергеліп келеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0