Ақсудағы зауытта жұмысшы қаза тапты
Ақсудағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 сәуірде болған, деп хабарлайды sadaq.kz "Қазхромға" сілтеме жасап.
Зауыттың Instagram-дағы парақшасының хабарлауынша, 2026 жылғы 20 сәуірде Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болған.
Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды.
"Қазхром" ТҰК" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Компания отбасына қажетті көмек көрсететінін жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0