Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалинге жаңа қызмет бұйырды

Ақпан 3, 2025 - 12:45
 0  55
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалинге жаңа қызмет бұйырды
Фото: kzaif.kz

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин "ҚМК Мұнай" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы sadaq.kz Қазақстан қор брижасына сілтеме жасап хабарлайды.

KASE-тің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, мұндай шешім 2025 жылғы 24 қаңтарда "ҚМК Мұнай" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған. Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілген: кеңестің құрамынан Құрманғазин Е.А. шығарылған, Оңдасын Сейілұлы Оразалин сайланған.

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚМК Мұнай" АҚ директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Оңдасын Оразалин 2019 жылғы ​​ақпаннан 2022 жылғы тамызға дейін Ақтөбе облысын басқарды. Оған дейін 2017 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0