Ақтөбеде депутат беташарға 4 миллион теңге салған

Сәуір 20, 2026 - 12:01
app_badging Сәуір 20, 2026 - 12:01
chat_bubble  0 visibility  10
Ақтөбеде депутат беташарға 4 миллион теңге салған
Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде өткен беташарда 4 миллион теңгеге жуық ақша берген азаматтың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Кейінірек қомақты қаржы берген адамның жергілікті мәслихат депутаты әрі кәсіпкер Аслан Қайырғалиев екені анықталды.

Аслан Қайырғалиев – бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты. Ол “Анвар” сауда желісін басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін ол “Анвар” бөлшек сауда желісі директорының орынбасары ретінде облыс әкімдігімен 2026 жылға әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумға қол қойған. Мұндай келісім аясында сауда желілері көбіне жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізіп, тұрақтандыру қорларынан өнім сатып алуда басымдыққа ие болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0