Ақтөбедегі дәмханада газ жарылып, 5 адам зардап шекті

Қаңтар 20, 2026 - 10:34
Қаңтар 20, 2026 - 11:21
 0  5
Ақтөбедегі дәмханада газ жарылып, 5 адам зардап шекті
Фото: Видеодан скрин

19 қаңтар сағат 17:45-те Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде газ жарылып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желіде тараған видеодан ғимарат шатырының бір бөлігі ұшып, шамамен 80 шаршы метр аумақтың қирағанын көруге болады.

Жарылыстан 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам зардап шекті. Олардың бірі жансақтау бөлімінде,  денесін 20% күйік шалған. Қалған төрт адам травматология бөлімшесіне жатқызылған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, жарылыс ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығынан шыққан. Қазір жарылыс себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0