Трамп Әлем чемпионатынан кейін бірден Иранды бомбалауға бұйрық берді
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчі өткен стадионнан шыққаннан кейін санаулы секундтар өткен соң Иранды бомбалауға бұйрық берді. Жаңа бұйрық туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы хабарлады, деп жазады Sadaq.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Иранға жасалған тоғызыншы соққы толқыны шығыс жағалау уақытымен сағат 19:00-де (Астана уақытымен 4:00-де) басталды.
"Centcom бүгін шығыс уақытымен сағат 19:00-де Иранға тоғызыншы күн қатарынан жаңа соққылар жасай бастады. Соққылар Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен азаматтық теңізшілерге шабуыл жасау үшін қолданылатын Иранның әскери мүмкіндіктерін әлсіретуді жалғастырады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Бахрейн астанасы Манамадағы АҚШ елшілігі барлық АҚШ азаматтына сақтық танытуды және жергілікті биліктің барлық ұсыныстарын орындауды тапырды.
АҚШ Орталық қолбасшылығы, сондай-ақ, осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген үшінші америкалық әскери қызметшінің мәйіті табылғанын хабарлады. Оның кім екені әлі анықталған жоқ. Ирандық
Tasnim ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар елдің бірнеше қаласында: Тебриз, Чабахар, Конарак, Бандар-Имам Хомейниде естілген. Басылым нақты қандай нысандардың атқылауға ұшырағанын хабарлаған жоқ. Бұл төрт ирандық қала - әртүрлі бағыттағы стратегиялық, экономикалық және тарихи орталықтар саналады.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп футболдан әлем чемпиондарын - Испания құрамасын марапаттау рәсіміне белсенді қатысқан болатын. Саясаткер жеңімпаздар кубокты салтанатты түрде көтерген сәтте сахнадан кеткісі келмеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0