Алматы дәрігерлері қырық жастағы адамның өтінен 5500 тас алып шыққан

Бұны көрген хирургтердің өзі жағасын ұстаған.

Сәуір 18, 2025 - 13:56
Алматы дәрігерлері қырық жастағы адамның өтінен 5500 тас алып шыққан
Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Алматының қалалық орталық клиникалық ауруханасындағы дәрігерлер 40 жастағы ер адамның өтінен 5500-ге жуық тас тапқан, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 20 жылдық тәжірибесі бар дәрігер бұндай бірінші рет көргенін айтқан.

«Бұл деген бұрын-соңды болмаған жағдай еді. Мен 20 жылдық тәжірибемде бұндайды бірінші рет көріп отырмын», - дейді бас дәрігердің орынбасары Фараби Стамқұлов.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның іші ауырып, құсып, қатты әлсіреп, ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен екен. Дәрігерлер бірден кешенді тексеру жүргізіп, оның өтінен тас көрген.

«Әрине біз өтіндегі тасы өте көп екенін түсініп тұрдық. Бірақ 5500 тас аламыз деген ойымызда да жоқ еді. Бұл науқастың өті тасқа толып қалған», - дейді операция жасаған хирург Илияс Сағиев. Науқастың операциясы сәтті өтіп ол қазір ауруханадан шыққан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow