Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты
Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында жазушы Мұхтар Шахановпен қоштасу қаралы жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты.
Жиынға көптеген жазушы, қоғам қайраткерлері жиналған. Сондай-ақ, көрші елдердің де ақын-жазушылары келген. Театр толы адам, ақынмен қоштасуға келіп жатқан адам қарасы көп. Залда қаралы музыка ойнап тұр. Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, үзеңгі жолдастары келген. Ақынға әнші Димаш Құдайберген де келіп, тағзым етті.
Еске сала кетейік, 19 сәуір күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өзінің шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе Желтоқсан оқиғасының шындығын батыл көтерген қаламгер ретінде тарихта қалды.
Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0