Алматыда қайғылы жағдай болды

Қыркүйек 5, 2025 - 14:58
Алматыда қайғылы жағдай болды
фото: видеодан скриншот

Алматыда Қапшағай трассасында мопед пен бетон араластырғыш көлік соқтығысып, 54 жастағы әйел қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматыда қайғылы жол апаты болды. Бүгін таңғы сағат 8:50-де Жетісу ауданында, Қапшағай трассасының қалаға кіреберісінде мопед пен бетон араластырғыш көлік соқтығысты.

Оқиға салдарынан мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі соқтығыс сәтін байқамай, тек бір шақырым жүрген соң ғана тоқтаған.

Соққының күші соншалық, әйелдің қорғағыш шлемі бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Алматы қаласының Полиция департаментінен болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталуда. Алматы қаласының Полиция департаменті адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow