Алматыда төтенше жағдай: төрт адам жоғалып кетті

Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, екеуі - бала, екеуі - ересек адам.

Ақпан 8, 2024 - 09:41
Ақпан 8, 2024 - 09:44
Алматыда төтенше жағдай: төрт адам жоғалып кетті

Алматыда лай көшкіні жүріп, бірнеше үйді басып қалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта лай көшкіні жүрген аумақта төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, екеуі - бала, екеуі - ересек адам. Адамдарды іздеу жұмыстарына байланысты көшкін жүрген аумақ техниканың көмегінсіз қаралып жатыр.

"Қазір апат-құтқару жұмыстары қолмен жүргізіліп жатыр. Өйткені үйлердің бірінде төрт адам болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Осы хабардан кейін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Жұмыс күрделенгенін айта кеткен жөн", - дейді ведомство өкілі.

Оқиға орнында «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow