Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Қыркүйек 3, 2026 - 00:04
chat_bubble  0 visibility  3
Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды
Фото: Видеодан скрин

Алматының жеке секторында қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылы 2 қыркүйекте Жетісу ауданындағы жалға алынған жеке үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауладағы дәретханада өзіне-өзі қол жұмсаған.Анықталғандай, ол осы үйде ағасымен бірге тұрған. Қолда бар мәліметке сәйкес, ер адам жұмыс істеген, қалыпты өмір салтын ұстанған. Алкогольді ішімдікке немесе басқа да зиянды әдеттерге әуес болмаған", деп нақтылайды ПД-дан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0