Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті

Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қайтыс болды.

Сәуір 2, 2025 - 16:26
 0  59
Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті
Фото: Gov.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:18–де Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүк көлігі Бурундайская көшесімен батыс бағытта келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды басып кеткен.

“Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қайтыс болды. Адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізіледі”, – деп хабарлады департаментте.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0