Алматыда жүргізуші көршісін көлікпен әдейі қаққан

Қазан 15, 2025 - 09:36
Алматыда жүргізуші көршісін көлікпен әдейі қаққан
фото: видеодан скриншот

Алматыда тұрғын үйдің ауласында жүргізуші көлігімен адамды қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол көршісін әдейі соққан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік келіп соққанын көруге болады. Жазба авторларының сөзінше, жүргізуші өз көршісін қасақана қаққан. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

– Екі ер адамның арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды. Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері кез келген дауды заң шеңберінде шешу керегін ескертті. Әрбір құқықбұзушылық үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow