Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шілде 16, 2025 - 14:50
 0  164
Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің баспалдақтан әйелді итеріп жіберген видеосы желіде тарап кетті. Оқиғаны полиция департаменті де растап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0