«Аңқау әйелдерді байладыңыз»: Бақыт Тұрман танымал коучты жерден алып, жерге салды

Шілде 24, 2026 - 15:27
app_badging Шілде 24, 2026 - 15:59
chat_bubble  0 visibility  12
«Аңқау әйелдерді байладыңыз»: Бақыт Тұрман танымал коучты жерден алып, жерге салды
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман белгілі коуч Айнұр Бектұрғанды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Көпшілікке ақыл-кеңесін айтып  жүрген Айнұр Бектұрған “шынар ағаш”  сотуарын сатумен айналыса бастады. “Бір сотуарға барлық ананың махаббатын сыйғыздық” деген коучтың бұл әрекеті әнші Бақыт Тұрманға ұнамай қалды.

”Сізді осыған дейін тыңдап, ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Әйтеуір халықтың қалтасына түспей, “тегін ақыл айтатын адам табылды ау” деп. Бірақ жұрттың қызығушылығын әдейі оятып, әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап алып, сонша ақшаға тренинг өткізіп енді мынау Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан сынды мәнсіз әшекейлерді удай қымбат ақшаға сатуыңыз дұрыс болмады. Тағы бір лохотрон өкінішке орай, тағы бір аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет. Жағдайыңыз жаман емес сияқты түр-келбетіңізге қарасам. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе тегін-ақ істесеңізші. Сол сіздің әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған әрекетіңіз болсын”, — деп пікір білдірді Бақыт Тұрман.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0