Әнші The Limba Президентті үстел теннисінен күш сынасуға шақырды

Шілде 20, 2026 - 17:12
chat_bubble  0 visibility  5
Әнші The Limba Президентті үстел теннисінен күш сынасуға шақырды
Фото: Ақорда \ instagram.com/thelimba

Қазақстандық әнші Мұхамедәлі Ахметжанов, көпшілікке The Limba лақап атымен танымал өнер иесі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ұсыныс айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші Instagram парақшасында Президентті үстел теннисінен достық кездесу өткізуге шақырды. Ол бұл ойын креативті форматта ұсынып, жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнеролик жариялаған. Видеода Қасым-Жомарт Тоқаев компьютерлік ойынның ешкім жеңе алмайтын «соңғы қарсыласы» ретінде бейнеленіп, үстел теннисіндегі жоғары шеберлігін көрсетеді.

“Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің спорттық жолыңызды жақсы білемін. Сіз үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидатсыз. Сізбен бір партия ойнауды көптен бері армандаймын. Қазір өз деңгейім сізге лайықты қарсылық көрсетуге жетеді деп сенемін”, – деді The Limba.

Жазбасына әнші Президенттің үстел теннисі үстелінде түскен фотосын да қоса жариялаған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл спорт түрімен көп жылдан бері айналысады. Ол 13 жыл бойы Қазақстан үстел теннисі федерациясын басқарған және үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат атағына ие.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0