«Әртістер өз қамдарын ойлайды»: Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (ФОТО)

Сәуір 23, 2025 - 12:39
«Әртістер өз қамдарын ойлайды»: Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды (ФОТО)
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Сәкен Майғазиев өзін "Шерзат жайлы ештеңе айтпадың, ал Русланға тілек айтыпсың", "Берденов билікте жүрген соң", "Әртістер өз қамдарын ойлайды" деп айыптаған оқырмандарына жауап берді, деп жазады sadaq.kz.

"Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын», - деп жазды өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол 2024 жылдың 12 қазанында Шерзатқа қатысты да жазба жариялағанын еске салып, соның скриншотын көпшілікке көрсетті.

"Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка" деп атой салып жатқанда, "мен жаздым ғой" деп ақталуға арландым. Қазір жазуымды мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен. Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында», - деп түйіндеді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow