«Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары»: Асанәлі Әшімовтің ұлы 18 жасқа толды

Қаңтар 20, 2026 - 10:06
Қаңтар 20, 2026 - 10:11
 0  4
«Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары»: Асанәлі Әшімовтің ұлы 18 жасқа толды
Фото: bagdat.ashimova парақшасынан

Қазақ өнерінің аңызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Асанәлінің кәмелеттік жасқа толғанын айтып, перзентіне  ақ тілегін жолдады.

«Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0