Астанада 3 адамды құтқарып, өзі көз жұмған Забикулиннің қызы 1-сыныпқа барды

Қыркүйек 2, 2025 - 10:51
Қыркүйек 2, 2025 - 11:26
Астанада 3 адамды құтқарып, өзі көз жұмған Забикулиннің қызы 1-сыныпқа барды

Астанада өрт сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан Аскар Забикулиннің қызын әріптестері 1-сыныпқа өздері ертіп апарды.

Алғашқы қоңырау күні қызды әкесінің әріптестері мектепке бірге ертіп апарып, қуанышына ортақтасты. Сосын олар  Асқар Забикулиннің есімі берілген өрт сөндіру бөліміне барды. Батырдың ескерткішіне тағзым етіп, еске алу бұрышымен танысты.

“Батырдың ұрпағына көрсетілген қамқорлық бұл ерлік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсеткен Асқар Забикулиннің рухына көрсетілген құрмет”, – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің жазбасында. 

 “Менің кішкентай ханшайымым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сынып оқушысы атанды. Бұл оның үлкен өмір жолының бастауы, білімге, арманға және болашақ жеңістерге апарар алғашқы қадамы. Жанында әкесі болмағаны үшін жүрек сыздайды… Ол мектепке әкесіз бара жатқанымен, әкесі жүрегінде, әрдайым жанында. Әкесі әрқашан қызымен мақтанатанына сенемін. Ол мейірімі мен қамқорлығы арқылы әрдайым қызының жолын жарық етіп тұрады. Бүгін бізге ол жетіспеді, бірақ оның қызы арқылы өмір сүріп, күлімдеп тұрғанын сеземін”, – деп жазған марқұмның жары. 

Сондай-ақ ол Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне және халыққа қиын сәттерде қолдау білдіргені үшін алғысын білдірген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow