Астанада бір тәулік ішінде 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болды

Полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр.

Қараша 8, 2024 - 09:36
 0  27
Астанада бір тәулік ішінде 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды жолда мұқият болуға шақырды.

Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр.

«Жолдан өткен кезде көліктердің тоқтағанын күтіңіз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – өміріңізді сақтаудың кепілі», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0