Астанада ер адам үш метрлік шұңқырға құлап кетті

Солтүстік айналма тасжолында ер адамның орға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қазан 19, 2026 - 11:12
 0  2
Астанада ер адам үш метрлік шұңқырға құлап кетті
Фото: Видеодан скрин

Астанада құтқарушылар үш метрлік орға құлаған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, 103 қызметінен Астананың Байқоңыр ауданындағы Солтүстік айналма тасжолында ер адамның орға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жеткен.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен адам экскаватор және зембілдің көмегімен тереңдігі шамамен үш метр болатын ордан шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0