Астанада «Сарыарқа» сауда орталығы өртенді

Ақпан 26, 2025 - 14:43
 0  77
Астанада «Сарыарқа» сауда орталығы өртенді
фото: видеодан скриншот

Елордалық өрт сөндірушілер «Сарыарқа» сауда орталығындағы өртті оқшаулады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Өрт сауда орталығының бас ғимаратына жалғасатын 2 қабатты ғимаратта және ғимараттың жабынында шыққан. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

Ведомство зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін атап өтті.

«Өртті сөндіруге 10 бірлік техника және 50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды. Өрт 50 ш.м. алаңда жойылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Оқиға орнында ТЖМ ӨҚҚК төрағасының орынбасары Қанат Доспаев жұмыс істеп жатыр.  

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0