Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері терезеден секіріп өлді

Астанадағы тұрғын үй ауласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлады sadaq.kz.
«21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. 42 жастағы ер адам өз үйінің терезесінен құлаған», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Кейбір дерек көздері марқұмның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарғанын айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






