Астанада жасөспірім көлікпен мектеп аумағына заңсыз кіріп, төбелес шығарды

Сәуір 16, 2026 - 11:25
app_badging Сәуір 16, 2026 - 11:26
chat_bubble  0 visibility  4
Астанада жасөспірім көлікпен  мектеп аумағына заңсыз кіріп, төбелес шығарды
Фото: Видеодан скрин

Астанадағы мектептердің бірінің аумағында жасөспірімдер арасында төбелес болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Белгілі болғандай, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен оқу орнының аумағына заңсыз кірген. Оған жасалған ескертуге агрессивті түрде жауап беріп, соның салдарынан жанжал туындаған.

Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысқан барлық тұлға жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Қосымша түрде жасөспірімнің ата-анасын оның тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0