Астанадағы сот сараптама орталығының басшылары қамауға алынды
Күдіктілердің банктік шоттарынан 1,6 млрд теңге ($3,2 млн), $367 мың және 366 мың еуро бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Астанадағы сот сараптамасы орталығының басшылары қамауға алынғанын хабарлады.
Олар бюджет қаражатын талан-таражға салған.
Тергеу мәліметінше, олар жабдықтардың бағасын үш есеге дейін көтеріп, жалған коммерциялық ұсыныстар арқылы мемлекет қаржысын ұрлаған. Әрі мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.
Яғни олар 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 10,3 млрд теңгенің біразын жымқырып қалған. Осы мақсата 2023–2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар жасап отырған.
Күдіктілердің банктік шоттарынан 1,6 млрд теңге ($3,2 млн), $367 мың және 366 мың еуро бұғатталды.
Сонымен қатар Алматыдағы екі жер телімі, Астанадағы пәтер және бірнеше автокөлік тәркіленді. Жалпы тәркіленген мүліктің құны 148 млн теңгеден асады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






