Атбасарда ойын кезінде астаналық футболшы қайтыс болды

Қыркүйек 3, 2026 - 12:59
 0  20
Атбасарда ойын кезінде астаналық футболшы  қайтыс болды
Фото: pixabay

Атбасар қаласында өткен өңірлік турнир кезінде астаналық 58 жастағы футболшы кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, ер адамның өліміне жүрек аурулары себеп болған.

Аталған оқиға бойынша қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1968 жылы туған ер адамның өлімі фактісі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала анықталғандай, оның өліміне жүрек аурулары себеп болған. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0