Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпға қатысты тың дерек шықты
Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу баланың жұбайымен Индонезиядан елге қашан жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Индонезиядан ұсталған ерлі-зайыпты осы айда елге жеткізіледі.
«Қазіргі кезеңде күдіктілерді экстрадациялау процесі шешіліп жатыр. Жақын арада Қазақстанға жеткізілетін болады. Шет елдегі әріптестермен біріге отырып, келу маршрутына қатысты қажетті шаралардың барлығын атқардық. Жұмыс жалғасып жатыр. Қазір тек екі күдікті анықталып отыр», – деді Әділов.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар күдіктілерді Қазақстанға қайтару бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруда. ІІМ өкілі бұл процесс алдағы уақытта толық аяқталатынын растады. Еске сала кетсек, Сұлтан мен оның бұрынғы әйеліне өз ата-енесін өлтіріп, сарайға көміп кетті деген ауыр айып тағылып, халықаралық іздеуде болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0