Атыраудағы табиғи қорықта құстар қырылып жатыр

Шілде 21, 2025 - 15:12
Шілде 21, 2025 - 16:13
Атыраудағы табиғи қорықта құстар қырылып жатыр

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шалыға аралында құс қырылып жатыр. Негізінен қарабас шағалалар мен хохотун шағалалар қырылған.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары тексеріс жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта құстардың қырылу себептерін анықтау үшін сараптама жүргізілуде. Улану немесе аса қауіпті ауруларды анықтау мақсатында үш үлгі Нұр-Сұлтан қаласына (Астана) зерттеуге жіберілген.

Құстардың өлуіне алдын ала себеп ретінде табиғи фактор қарастырылып отыр. Резерват мамандары құстардың жеткіліксіз қоректенуі, туа біткен аурулар немесе басқа құстардың шабуылы себеп болуы мүмкін екенін айтып отыр.

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты Атырау облысындағы Жайық өзенінің сағасында орналасқан және 111 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Ол 2009 жылы сулы-батпақты алқаптар мен сирек әрі қорғалатын қоныс аударатын құстардың мекендеу ортасын қорғау мақсатында құрылған. 2012 жылы "Ақжайық" ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow