«Ауданы – 142,92 гектар»: Назарбаевтың Шамалғандағы мүлкі аукционға қойылды

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысы Шамалған ауылындағы мемлекетке қайтарылған жер телімі аукционға қойылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Жер телімінің жалпы ауданы – 142,92 гектар. Кадастрлық нөмірі – 03:047:163:5684. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 4409а учаскесі мекенжайында орналасқан”, – делінген сайтта.
“Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания" ЖШС Назарбаевтың туған жері – Алматы облысының Шамалған ауылындағы жер теліміне аукцион жариялады.
Жер телімінің сипаттамасы мынадай:
- Жалпы ауданы – 142,92 гектар;
- Кепілді жарна – 19 179 225;
- Аукционға қойылған күні – 2025 жыл 15 ақпан, сағат 10:00.
Фото: Auction.e-qazyna.kz
Жер телімінің қосылған құн салығын санамағандағы бағасы – 127 861 494 теңге.
“Жер телімін сатып алу – болашаққа салынған тиімді инвестиция! Құрылыс, бизнес немесе демалыс үшін жер телімін сатып алғыңыз келе ме? Бұл жерден сіз керемет ұсыныстар таба аласыз. Біз толық инфрақұрылымы бар, ыңғайлы жерлерден жер телімін сатып алуды ұсынамыз. Жер учаскесін сатып алу – бұл уақыт өте келе құны арта беретін инвестиция. Ең жақсы нұсқаны таңдап, тиімді бағамен жер сатып алып үлгеріңіз”, – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






