Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза болғандар 2200-ден асты

Қыркүйек 5, 2025 - 10:52
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза болғандар 2200-ден асты

Ауғанстанның шығысында 31 тамызға қараған түні болған қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар 2200 адамнан асты. Бұл жөнінде тәліптердің үкіметі хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандар 2 217 адамға жетті, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Зілзаладан Пәкістанмен шекарадағы таулы Кунар провинциясы көбірек зардап шекті. Үкіметтің ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат X желісінде "құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр" деп жазды. Ауғанстан билігі халықаралық қауымдастықтан зардап шеккендерге көмектесуді сұрады.

Кунар провинциясы және көрші Нургал, Соккай, Ватапур, Маноги және Чапа-Дара округтарында көп үй қираған. Жергілікті аумақта жауын-шашын көп жауып, жағдайды күрделендірген. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, бұл аумақтағы үйлер өте осал салынған – жер сілкінісіне төзбейді. Соның салдарынан адам өлімі көп тіркелген.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow