«Әйелдің ішкен арағы бойында өмір бойы қалып қояды»: танымал актер әйелдерге қатысты пікір білдірді

Сәуір 21, 2025 - 12:00
Сәуір 21, 2025 - 12:02
«Әйелдің ішкен арағы бойында өмір бойы қалып қояды»: танымал актер әйелдерге қатысты пікір білдірді

«Күлкі базар» театрының басшысы, актер әрі асаба Ғалымжан Қалыбаев «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастында әйел денсаулығының алкогольге қалайәсер ететініне қатысты  пікір білдірді,-деп хабарлайды Sadaq.kz

«Арақ ішкен еркектің бойынан 40 күнде спирт шығып кетеді. Ал әйелдің бойынан мәңгілік шықпайды. Өйткені еркек топырақтан жаралған болса, әйел еттен, сүйектен жаралған»,-дейді ол екіұшты ой айтып.

Актер тіпті қисынсыз эксперимент жасалғанын келтірген.

«Ғалымдар бұл әдісті зерттеді. Бір ыдысқа топырақ салады, екінші ыдысқа ет салып, үстіне арақ құйып, бетін жауып қояды. Бір аптадан кейін ашса ет салынған жақ шіріп жарамсыз болып қалған, ал топырақта суы сіңіп, спирті ұшып кеткен. Еттен, сүйектен жаралған әйел ғой, олардың денесінен кетпейді. Әйел 100 грамм ішті ме? Ол әйелді сен алдың ба? Сол ішімдік қыздың денесінен кетпей, зардабы сенің балаларыңнан шығып отырады,-деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow