«Айман Мұсақожаева өкпелемесін, бірақ университет жұмысы құлдырап кеткен»: Балаева бұрынғы ректорды сынады

Шілде 22, 2025 - 17:19
«Айман Мұсақожаева өкпелемесін, бірақ университет жұмысы құлдырап кеткен»: Балаева бұрынғы ректорды сынады
Коллаж: sn.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақ ұлттық өнер университетінің бұрынғы ректоры Айман Мұсақожаеваға қатысты пікір білдіріп, оқу орнының ахуалына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы министр «Айқынға» берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Айман Қожабекқызы өкпелемесін, бірақ осы жылдар ішінде оқу орнының шатырынан су ағып, ғимаратының тоз-тозы шыққан. Университет жұмысы соңғы жылдары тұралап, құлдырай түскенін көрдік», – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, университеттің жаңа оқу жылын жаңарған ғимаратта бастауына Мемлекет басшысының тікелей қолдауы ықпал еткен. Бұған қоса, оқу орнына қарасты басқа да нысандардың жағдайы күрделі, оларды да жаңарту жоспары қолға алынуда.

«Күләш Байсейітова атындағы өнер лагерінің 2011 жылдан бері жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Енді оны қайта жандандыруымыз қажет», – деді министр.

Министр өнер университетінің жанындағы мамандандырылған мектеп-интернатқа жаңа ғимарат салу жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Бұл бастама мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Қазіргі уақытта жеке инвестор жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және оның шығындарын өз қаражаты есебінен қаржыландыруға дайын екенін білдірген.

«Бұл – болашақ өнерпаздарға жасалып жатқан инвестиция ғана емес, ұлттық өнерді қалыптастыратын жүйелі тәрбиенің негізі», – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, министр зейнет жасындағы мәдениет қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын, бірақ жастарға да жол ашатын уақыт келгенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow