Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар қосылды

Сараптама комиссиясы Әзербайжан Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің өтініші бойынша құрылған.

Желтоқсан 28, 2024 - 11:00
Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар қосылды

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар жұмылдырылды. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu Ajansı-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Әзербайжан әуе жолдарының құлаған ұшағын тергеуге 8 адамнан тұратын түрік мамандары тобы қатысады. Сараптама комиссиясы Әзербайжан Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің өтініші бойынша құрылған.

– Біз техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Біз құзырлы органдармен келісе отырып, оқиғаның толық мән-жайын анықтап, нәтижелерін хабарлайтын боламыз, – деді ол.

Оралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанғанын айтты.

– Түркия кез келген жағдайда Әзірбайжанды қолдайды, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow