Ақтаудағы ұшақ апатын түсіргені үшін қамалған блогер бостандыққа шықты

Қаңтар 5, 2025 - 09:20
Қаңтар 5, 2025 - 09:22
Ақтаудағы ұшақ апатын түсіргені үшін қамалған блогер бостандыққа шықты
Ulysmedia коллажы/Азамат Сәрсенбаевтың фотосуреттері

Маңғыстау облысында жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты сот әкімшілік іспен қамаған еді. Блогер жаңа жылды қамауда қарсы алып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бостандыққа шыққанын суретін Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде көрсетті.

Ер адамның басынан не өтпейді!? Үйден 150 шақырым алыста 10 күн оқшау жатып, басымнан осы ой кетпеді. Шынымды айтсам, осылай болғанына да қуандым. Шыңдалдым, мықтырақ болып, өз ұстанымым бекемделе түсті, – деп жазды блогер.

Полицияның ұстауына блогердің ұшақ апаты болған жерде рұқсатсыз фото, видео түсірілім жүргізгені, яғни әкімшілік құқық бұзғаны себеп болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow