Балаларға зорлық көрсеткен студент өмір бойына сотталды

Абай облысының арнайы соты 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ол 12 және 13 жастағы жасөспірімдерді зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл талапты жәбірленушілердің өкілдері де қолдады. Ал студент өз кінәсін мойындаған жоқ.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сонымен қатар, ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты қызмет түрлерін атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






