«Балаңыз дуаланған»: ІІМ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Қыркүйек 4, 2026 - 14:39
chat_bubble  0 visibility  4
«Балаңыз дуаланған»: ІІМ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: polisia.kz

Полиция тұрғындарды қырағы болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады.

Кейінгі уақытта интернетте өзін “емші”, “көріпкел” немесе “балгер” ретінде таныстырып, азаматтарға “балаңыз қатты дуаланған” деп айтып, оны “емдеп, дуаны қайтаруды” ақылы түрде ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген.

Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Әдетте олар азаматтармен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысып, түрлі “белгілерді” алға тартады және жағдайдың күрделі екеніне сендіреді. Кейін “ем жүргізу”, “дуаны қайтару” немесе “қажетті заттарды сатып алу” сылтауымен ақша аударуды сұрайды.

Полиция ескертеді: — интернеттегі бейтаныс адамдардың “емдеп жазу”, “көз тиюден арылту” туралы уәделеріне сенбеңіз;

— таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармаңыз;

— жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламаңыз;

— қорқыныш пен дүрбелеңге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеріңіз;

— күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасу тарихын және ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз.

Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Егер сізден осындай жолмен ақша талап етсе немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, бұл туралы дереу “102” нөміріне хабарлаңыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0