Батыс Қазақстанда Ресейдің әскери техникасы не істеп жүр?
Бөкей ауданында Ресей Федерациясы Қазақстаннан жалға алған полигон жері бар.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында ресейлік әскери техниканың жүргені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба таралды.
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен мәлім еткеніндей, аталмыш аудан аумағында халықаралық келісімшартқа сәйкес Ресей Федерациясы Қазақстаннан жалға алған полигон жері бар.
«Ресейлік техника келісімге сәйкес полигонға елді мекендерден тыс жерлермен қатынайды. Алайда бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан жолдың бұзылып кетуіне байланысты 20 қазан күні 5 автокөлік Сайқын ауылы ішіндегі қатқыл табанды жолмен жүрген. Автокөліктердің бірі газ құбырын қағып кеткен.
Дегенмен бұдан елеулі бұзушылық болмаған, газ шыққан жоқ. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар мен Бөкей ордасы ауданы полиция бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Келісімге сәйкес аталған әскери техникамен арнайы полиция көлігінің бірге жүруі қарастырылмаған», - деп хабарлады ведомстводан.
Сіздің реакцияңыз қандай?