Белгілі кәсіпкер Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке көлік сыйлады
Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қазақстандық спортшы 13 наурыз күні Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлде иеленген болатын.
«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі екеніне мақтанамыз және елімізде параспорттың дамуына әрі қарай да бар күшімізді саламыз! Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан оны үлкен қуанышпен сыйға тартамын», – деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0